«Сабақтастық» жобасы аясында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің еріктілері «Дені саудың - рухы сау!» акциясын бастады, оның мақсаты – балалар үйлеріндегі, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы балаларға, жастарға, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қатысты тәлімгерлік практикасын енгізу болып табылады.
Жуырда колледж еріктілері Петропавл қаласындағы отбасылық типтегі балалар ауылына барып қайтты. Балалар ауылының тәрбиеленушілерімен қысқы спорттық ойындар өткізді. Ерікті студенттер балалармен бірге шахмат, дойбы ойнап, ойын шеберлігін көрсетті. спорттық үстел ойындарымен Балалардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша жұмыс пен «Тоғыз құмалақ» ойынын оқыту жұмыстарын жалғастыру жоспарланды.
Еріктілер балалар ауылына, жалғызбасты аналарға арналған «Аналар үйіне» сабақтан тыс барып, қолұшын беріп тұрады.